Дәріс №10. Американдық «жаңа әлеуметтік тарих».

1. Ұлттық және нәсілдік мәселелерді зерттеу.»Отбасы тарихы»: демографиялық, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық негіздері.

2. АҚШ-тағы 1960-1970 жж. әлеуметтік ғылымдардың дамуы, ғылыми –техникалық революция және демократиялық қозғалыстардың өрістеуінің «Жаңа әлеуметтік тарихты» әзірлеу мен тарихты жазудағы толықтыруға әсері.

Американдық тарихтың түпкі мағынасы тәуелсіздік үшін күрес және адам құқығының концепциясы. 1787 жылғы Конституция іс жүзіндегі мақсаты жеке меншіктік құқықты қорғау. Негізгі қаһармандары ұсақбуржуазиялық-радикалды және әлеуметтік –реформистік партиялар тарапынан шықты, дағдарыс кезеңінде екіпартиялық жүйеге еңбек етуші массаның құқығын қорғауға мәжбүр ету. Солрадикалды тарихшылар либералдық реформизмге сыни тұрғыдан қарады. Антимонополистік заң қоғамдық пікірді тыныштандыру үшін ғана, шындығында монополистерге қарсы күрес антимонополистерге қарсы шығу мүмкін емес.

Солрадикалды бағыттың өкілдері АФТ құрамына кіретін оппртунистік кәсіподақ Американың барлық жұмысшылары, мамандандырылғандар және маман еместер, ақ және қара түстілер бірігіп кетсе саяси төңкеріс болады деп жрамалдай отырып, бұған жол бермеуге тырысады.

Америкалық таринамада дара негрелрдің тарихнамасы пайда болды. Бұл қоғам қайраткері Г. Вудсонның (1875 – 1950) іс-әрекетімен жүзеге асты. Ол Сорбонда оқыды, 1912 жылы Гарвард университетінде докторлық диссертация қорғады. 1915 жылы негр халқының тарихын оқытуда Ассоциация негізін қалады. 1916 жылдан бастап «Негр тарихы» атты тоқсандық журнал шығарып отырды. Нерг тарихнамасын жазуда прогрессистік мектептің әсері болды. бірақ сол кезде АҚШ-та «расизм», «шовинизм», «ақтар» тарихнамасына көп назар бөлініп, АҚШ-тағы афро-американдықтардың рөлі деп қана қарастырылған. Негрлік тарихшылар АҚШ тарихында тәуелсіздік үшін күресті, XIX ғасырдағы демократиялық реформа қабылдауды, азамат соғысын жазғанда үнемі сынға ұшырап отырды. Негр тарихшылар көбінесе тарихта Реконструкция кезеңіне мән берді. Бұл мәселені ең жақсы зерттеуші Уильям Дюбу (1868 – 1963). Бл мәселені зерттеудегі ең жақсы жұмысы «Қара реконструкция» (1935). Оңтүстіктегі демократиялық қайта құрудың жүзеге аспау себебі әлеуметтік топтардың қара мен ақ нсілге бөліну себебінен деп көрсетті.



АҚШ-тың латынамерикалық саясат тарихнамасында ең маңызды мәселе Монро доктринасының эволюциясы. Монро доктринасының тарихын оқытушысы солтүстікамерикандық маман Декстер Перкинс (1889 – 1984). Ол АҚШ-тың Латын Америкаға байланысты экспансионистік көзқарасын жасырып қалды. АҚШ пен Латын Америкасының қатынасын зерттеуші маман Сэмуэль Ф. Бимис (1891 – 1973). Ол АҚШ-ты европа мемлекеттерін Латын Америкаға жібермеуге тырысты деп көрсетеді. 1898 жылғы испандық-американдық соғысты бағалауда көптеген американдық тарихшылар, испандық отарланушылар бостандық және тәуелсіздігі үшін күресті деген қағида ұстанды. АҚШ-тың Қытайдағы «Ашық есік» саясатын сынға ала келіп, Қытай өз елін европалық державалардың отарлауынан сақтап қалды дейді.

Американдық тарихнамада радикалды бағыттың өкілдері , американың ішкі саясатында экспансионистік аспектіні сынға аламыз деп, ресми топтардың арасында өзі сынға түсті.

Ұ с ы н ы л а т ы н ә д е б и е т т е р:


8263491582079265.html
8263568360567067.html
    PR.RU™